Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы 30 тамызда тоқтатылады

 

Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Жексенбі, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дүйсенбі күннен бастап, 31 тамызда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді», — деп хабарлады CTS.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы жолаушылар автобустары бүгіннен бастап рейстерге жаңа кесте бойынша шыға бастады. Қаладағы қоғамдық көлік енді 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет. Салонға маскасыз кіруге тыйым салынады.