Нұр-Сұлтанда ТМККК аясында 300 мың маска таратылатын болады

 Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-нен 300 000 медициналық маска алды. Медициналық маскалар диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті әйелдерге үлестірілуде.

 

 

Осылайша, бір жолғы рет аяғы ауыр әйелдерді қамтамасыз ету үшін 68 500, егде жастағы азаматтар үшін 183 500, онкологиялық ауруларға шалдыққан азаматтар үшін 48 000 маска бөлінді», – деп мәлімдеді әкімдікте. Бүгінгі таңда алынған медициналық маскалардың 10% тұрғындар арасында таратылған. Егде жастағы пациенттерге волонтерлер мен медициналық мекемелердің қызметкерлері маска мен қажетті дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп беруде.