Нұр-Сұлтандағы 60 күн карантин: коронавируспен күресу тарихы

11 мамырда Қазақстандағы ТЖ режимі аяқталды, алайда карантин сақталады. Елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстан астанасында коронавируспен күрес жұмысы қалай жүргізілгенін еске салуды жөн көрді. ТЖ мәселесі бойынша мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы 11 мамырда өтті.

 

 

Қазақстан Президентінің мәлімдемесі әр қазақстандықтың – фирма басшысы, отағасы, аталарымыз, балалар мен аналарымыздың тағдырына қатысты болды. Ел билігі салмақты шешім қабылдады. Көптеген кәсіпорындардың жұмысы қайта жанданады, бірақ санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау – қатаң талап. «Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіп төндіріп тұр. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев 13 наурызда елордада COVID-19 жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді. 15 наурызда ҚР Президентінің «ҚР-да ТЖ енгізу туралы» Жарлығы шықты.

 

 

19 наурыздан бастап Қазақстан астанасының тарихында алғаш рет карантинн жарияланды. Қаланың периметрі бойынша жеті блокпост орнатылды. 28 наурызда COVID-19 індетін жұқтырғандар санының күрт көбеюіне байланысты көптеген ұйымның жұмысы тоқтатылды. Қалада 170 км жол, 6 535 аялдама павильоны, 2 832 көппәтерлі тұрғын үй дезинфекцияланды. 9 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, COVID-19 инфекциясымен күрес жұмысына тікелей қасытып жүрген үш тәуелкел тобы бойынша 2000 медицина қызметкері 887 млн. теңгеге үстемақы мен сыйақы алды. Коронавируспен күрестен бөлек қиын өмірлік жағдайға тап болған, мұқтаждар есебіндегі 42 500 отбасыға 50 мың теңге көлемінде көмек берілді. Biz Birgemiz акциясына мыңнан астам ерікті қатысты. 17 мың отбасы азық-түлік жиынтығын алып, 2 млн. маска таратылды. 20 сәуірден бастап үш кезең бойынша қаланың кәсіпорындарында 250 мың адам жұмысын қайта бастады. 6 мамырда 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 296 мың қалалық алды. Барлығы 12 млрд. теңге төлем жасалды. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиямен күрес жалғасуда.