Нұр-Сұлтанға COVID-19 бен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
Нұр-Сұлтанға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді. Қосымша тағы 300 мың қорап дәрі-дәрмек: азитромицин, клексан, сумамед, цефтриаксон, кардиомагнил, парацетомол, эргоферон, ибупрофен және т.б. әкелінді. Бір апта ішінде қалаға 80 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Жүк тексеріліп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, ірі дәріхана желілеріне 1-2 күн ішінде түседі. Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмектеседі. Ауруханалар мен емханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті: 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы. Таяу күндері тағы өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат, 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.