🔰НҰРБОЛ ЖҮНІСБЕКОВ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков еркін форматта жастармен кездесті.
Кездесуге спорт, экономика, медицина, құқық қорғау, төтенше жағдайлар қызметі, өндіріс, білім салаларында белсенді жұмыс атқарып жүрген таластық жастар қатысты.
Жастардың бәсекеге қабілетті болуы күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарында. Осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланып, белсенді, талапты жастардың ұсыныс-пікірлері сараланды.
Кездесуге қатысқан жастар аудан басшысына жастар мәселесіне қатысты тың ұсыныстарын жеткізіп, толғандырған сауалдарына жауаптарын алды.
Шара соңында жыл көлемінде табысты еңбек атқарған біршама жастар аудан әкімінің марапатына ие болды.
Өз кезегінде жастар ресурстық орталығының басшысы аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлына алғысын білдіріп, алда атқарылар, жүзеге асатын жобаларға тоқталды.