Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

 АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Осы Жарлықпен ол Батыс Қазақстан облысының әкімі

қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Бұған дейін Атырау облысының әкімі болған Бақытқожа Ізмұхамбетов 25 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланған болатын.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж.ж. — Мәскеу қаласындағы «Гили- Паскер» ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. — Алматы қаласындағы «Отрар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж — «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін — облыс әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін — облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

 

http://inform.kz/