Нұрлан Ноғаев: Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары – алдағы 5 жылда жасалатын жұмыстарымыздың басты құжаты болмақ
Маңғыстау облысында актив жиыны өтіп, президент берген тапсырмаларды орындау үшін жауапты азаматтарға бірқатар нақты міндеттер жүктелді, деп хабарлайды облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
Жиында төрағалық еткен Нұрлан Ноғаев әріптестерін мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды сапалы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсауға шақырды.
— Екі апта ішінде Үкіметпен бірлесе Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту міндеті тұр. Бұл кешенді жоспар алдағы 5 жылда жасалатын жұмыстарымыздың басты құжаты болады. Өңірдегі қордаланған мәселелерді шешу үшін біздегі бар мүмкіндікті пайдалануымыз керек,-деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.