НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ: ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ТАРИХИ ДӘУІР БАСТАУЫ

Елбасымыз Н.Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жол­дауын арнап, тәуелсіз Қазақста­нымыздың дамуының басты бағыт­тарын белгілеп келеді.

Соның нәтижесінде егемен елі­міз әрқашанда жаңа биіктерді бағындырып, бүгінгі күні «Қазақстан – 2050» страте­гиясын қабылдаған, ең дамыған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мем­лекетке айналды.
Енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды.
Елбасымыз халыққа «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жол­дауын жария­лап, өнеркәсіптік рево­люция әлеміне бейім­делудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.
Оның ішінде ең алдымен, ин­дус­трия­ландыруға, әсіресе, кәсіп­орындарды жаңғыртуға және ци­фрландыруға, ке­шен­ді ақ­парат­тық­-технологиялық платфор­­­маларды белсенді түрде енгізуге, «Ақылды технологиялар» арқы­лы аграр­лық ғылымды дамы­туға, көлік-логистика инфра­құ­рылы­мының тиімді­лігін арт­ты­ру­ға, құрылысқа және ком­муналдық секторға заманауи техно­ло­гияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаң­ғыртуға айрықша назар ауда­рылып отыр.
Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді.
Онда жастарды жаңа техноло­гиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды. Осы ретте Елбасы білім беру мекемелері арасында бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектеп­терінде жан басына қатысты қаржы­ландыру жүйесі енгізілетінін ерекше атап өтіп, азаматтарды әлеуметтік қаржылай қолдаудың басым бағыттарына тоқталды.
Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаң­ғыруға, халықтың денсау­лығын ны­ғайтуға баса назар аударғаны Прези­дентіміздің халқының бар қа­дір-қасиетін бойына жинаған ұлттық рухын көрсетті.
Сонымен бірге, алдағыны бол­жап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қа­зақстан­­дықтарды, бүкіл мемлекетті әлемдік өркениетке жетелейтін, көреген көшбасшы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді.
Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуі­ріне бастайтын, барша қазақ­стан­дықтарды ортақ мақсат жо­лында жұмыл­дыратын, әрбір аза­матты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат.
Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде, біздің Парламент депутат­тарына зор жауапкершілік жүктейді.
Оны абыроймен атқару бар­шамыздың абыройлы міндетіміз.