Нұрлан Өнербаев: Ұлтымыздың ұлылары емес, өзгенің құл-құтаны төрімізге шықты

…Ұлтымыздың ұлылығын ұғына,
Ғұрпымыздың жету үшін құнына.
Басқа жұрттың айналмауға құлына,
Барқыт емес, сарқыт керек ұлыңа…
Серік Сейітман інімнің өлеңін оқып отырып, мына шумағына еріксіз тоқтадым. Оған себеп Алматыда Төлебаев көшесіне қойылған В.Цойға ескерткіш мүсін, (өйткені əнші түскен жалғыз «Игла» филімінің бір ғана тұсы осы көшеде түсіріліпті мыс).
Қуанамыз ба құлазыймыз ба?!
Қуансақ, Шәкен Айманов ағамыздың «Тақиялы періште, «Біздің сүйікті дəрігер» филдерімен Алматының ең көрікті жерлерінде түскен Серке Қожамқұлов, Əминə Өмірзақова, Мүлік Сүртібаев, Ермек Серкебаев сияқты қазақ өнері мен мəденитіне еңбегі сіңіп қазақ тарихында аттары алтын əріптермен жазылған аға апаларымыздың да ескерткіш мүсіндерін, «Алма ата»қонақ үйі, «Абай» опера театры, «Медеу» мұз айдыны стадион алдынан көріп қалармыз деп, қуансақ керек еді. Əй, қайдам, құлазыймыз-ау. Өйткені өзімізден өзгенікін артық көріп, ұлтының ұлыларын емес, өзгенің құл-құтанын төрімізге шығарып жүргендер, «ұлттық намыс» – деген дастарханнан сарқыт ішіп көрмегендер ғой деп құлазисың.

Нұрлан Өнербаев,

Фейсбук парақшасынан