«НҰРСҰЛТАНДЫҚ ӨРЕНІМ»

Нағашыбай Қабылбек

 

Нұрсұлтандық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Кеше ғана Есілдің,
Жағасында жүр едім!
Коронавирус келді де,
Қуып шығып жүдедім.
Ауылдамын дәл қазір,
Сен жақта бірақ жүрегім!
Жолдар жабық, қоршауда,
Қалып тұрсың — тірегім!

Хабар жетті алақай,
«Қор құрылмақ ел үшін»
«Қор құрылмақ жер үшін»
«Қор құрылмақ сен үшін»
Қор құрылмақ мен үшін!»
Бұл да сенің жеңісің!
Бұл да менің жеңісім!
Енді қордың жиналған,
Татсақ екен жемісін,
Толықса екен — кемісім!

Бұл да ойдың — өзегі,
Келді мақтау кезегі:
Тығырықтан шығарар
Ел жүрегін қуантқан,
Таудан тасты құлатқан
Нұрекем менің — СӨЗ ері!
«Ел жүрегін қуантқан,
Ленин көсем үні еді
Сөзі нұрдан жаралған,
Ленин ыстық күн еді»
Деген Жамбыл атамнан,
Аса алмаймын себебі!
Аспаған соң мақтаудың,
Бар ма ойлашы, керегі?

Нұрсұлтандық өренім,
Болашаққа сенемін!
Коронавирус құрғырдан,
Құтылар күн тура деп,
Сені жырмен демедім!
«Бетеге кетсе бел қалар,
Бектер кетсе ел қалар
Берекең кетсе нең қалар!»
Деген сөзге тоқтаймын,
Сен аман бол, өр елім!