Нұртай САБИЛЬЯНОВ: «Елімізде интернеті 3G ұстамайтын ауылдар бар»

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар тарапынан көптеген сауал жолданды. Солардың ішінде алғаш болып  Нұртай Сабильянов сұрақ қойды. Халық қалаулысының сауалы өзге әріптестері секілді ұзын шұбар баяндама болмағанын айта кету керек. Сондай-ақ, депутаттардың басым көпшілігі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке сауал жолдаса, Н.Сабильянов ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мырзаға жолдады.

«Біз сайлау алдында республикадағы елдімекендерді аралап жүргенімізде үш-төрт мың тұрғыны бар ауылдарда интернет жылдамдығы 2G-ді әрең ұстап тұрғанын байқадық. Бұл дегеніңіз ғаламтордан ашқан бетіңіз ұзақ уақыт айналып тұрады деген сөз. Қалаларымыз 4G-ге өтіп жатқанда ауыл-елдімекендерімізге 3G-дің өзі арман болып тұр»,-деген халық қалаулысы, жүздеген тұрғындары бар ауылдарда интернеттің атымен жоқтығын айта кетті. Бұл туралы толығырақ алдағы уақытта Нұртай Сабильяновпен өткен сұхбатымызда жариялайтын боламыз. Ал, заң бойынша депутаттық сауалға екінші тарап бір ай көлемінде жауап беруі тиіс.

ЕлАна-ақпарат