Нұржан Нұржігітов Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

Тараптар екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Жамбыл облысының Ресей Федерациясы өңірлерімен тауар айналымы 2021 жылы 263,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға өскен.

Жамбыл облысында ресейлік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 405 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, нәтижесінде 1650 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара байланыс мәселелеріне де назар аударылды.