НЫСАНДАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

Үстіміздегі жылғы 3 қаңтарда орын алған төтенше жағдай салдарынан аудан бойынша үлкенді-кішілі 975 нысан зақымдалды.

Олардың ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, қоражай, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар, спорт алаңшалары, көше жарықшамдары мен электр бағаналары, жасанды жол кедергілері, жол белгілері, бағдаршам мен бейнебақылау камералары, қоқыс төгетін алаңшалар, қоршаулар мен аркалар және көрнекі үгіт – насихат құралдары орналасқан бильбордтар, лайт-бокстар бар.
Бүгінгі күнге 689 нысан қалпына келтірілді.

Оның ішінде, аудандық әкімдіктің, меншік иелерінің, демеушілер мен еріктілердің күшімен 109 нысан қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда, аудандық бюджет есебінен 59 нысанда, облыстық бюджет есебінен 198 нысанда жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан 270 нысанда жұмыстар жүргізіліп, оның 242-і және 100 шақырым желінің 91-і қалпына келтірілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі