Облыс әкімдігінде өзекті мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың 11 мамырында облыс әкімдігінде өңір басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен мәжілісте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н. Жанназарова бірінші басшылардың бағынысты қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілігі тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, бейне байланыс арқылы қала, аудан әкімдері және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

 

 

Аумақтық департамент басшысы өзінің баяндамасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, саяси қызметшілерге өздеріне бағынысты қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін отставкаға беру міндеті, бірінші басшылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Атап айтқанда, саяси қызметшілердің отставкасы немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі оларға бағынысты қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде қаралады.

Агенттікпен қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың жауаптылығын қарау мәселесі бойынша қадамдық механизмі әзірленді.

 

 

Отставкаға шығу туралы өтініш берілгеннен кейін, тағайындау құқығы бар адам бір ай мерзімде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

отставканы қабылдау, отставкадан бас тарту, тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, отставкадан бас тарту.

Баяндаманың соңында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында саяси тұлғаларға немесе мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты жауапкершілік мәселесі қаралмағандығын жеткізді.

 

 

Өз кезегінде облыс әкімі С.Трұмов қатысушыларға аумақтық Департамент басшысының баяндамасынан туындайтын деректерге жол бермеу керектігін және қала, аудан әкімдеріне тек халық үшін абыроймен жұмыс жасау қажеттігін ескертті.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Маңғыстау облысы

бойынша департаментінің баспасөз

қызметі