Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.

Бұл жолы қабылдауға 19 азамат келді. Олардың арасында Тараз қаласы мен Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.

Азаматтар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларына және жеке басына қатысты мәселелер көтерді.

Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді.

Қабылдауда Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындардың кейбір сауалдарын мұқият зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі