Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласы және Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу аудандарынан келген азаматтар бірқатар өтініштерін жеткізді.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар ауыз су, әлеуметтік көмек көрсету, авто газ, жер беру, тұрғын үй кезегі және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысының әкімдігі