Облыс әкімі «Koyuncu Group» түрік компаниясының басшылығымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Koyuncu Group» (Коюнджу) түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.
Компания Талас ауданы Қаратау қаласы «Тараз» индустриялды аймағында натрий пиросульфитін өндіру жобасын жүзе асыруда. Жоба бастамашысы – «KARATAU Chemicals» ЖШС. Инвесторлар аталған өндіріске 6 миллион АҚШ долларына тең инвестиция салып отыр.
Құрылысы ағымдағы жылдыің наурыз айында басталған жоба 2024 жылдың басында іске қосылады деп күтілуде. 30 адамнан астам адам жұмыспен қамтитын кәсіпорын жылына 25000 тонна өнім өндіруді жоспарлауда.
Кездесуде «Koyuncu Group» компаниясының басшысы Ибрахим Коюнджу Талас ауданында тағы да химилық жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізіп, мүмкіндіктерін таныстырды.
Басқосу барысында тараптар электр энергиясын жеткізуге қатысты және өзге де мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстарды саралады.
Облыс әкімі жобаның маңыздылығын баса айтып, ол бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы тезірек әзірлеп, сараптамадан өткізу керектігін атап өтті.
Аймақ басшысы жергілікті билік облысқа тиімді инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық тиісті қолдауларды жеткізуге күш салатынын баса айтты.
Жамбыл облысы әкімдігі