ОБЛЫС ӘКІМІ ТАЛАС АУДАНЫНДА
Жұмыс сапарымен Талас ауданының Қасқабұлақ, Ақкөл ауылдары және Қаратау қаласына бардым. Аудандағы білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын аралап, «Қаратау ПРО» және «Талас инвестмент компани» зауыттарының жұмысымен таныстым. Аудан халқымен кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Айталық, Қасқабұлақ ауылының тұрғындары елді мекеннің ортасынан ағып өтетін Тамды өзеніне көпір салып беруді сұрады. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылатын болады. Өзге де өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Ертең Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысуды жоспарлап отырмын.