Облыс әкімі Тараз қаласының бірқатар көшелерін аралады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге облыс орталығының бірқатар көшелерін аралады.
Аймақ басшысы жеке сектордағы кейбір үйлердің кәріз суының арыққа ағуына, балалар тіс ауруханасының ауласын реттеу, көгалдандыруға қатысты мәселелерге назар аударды.
Сондай-ақ, Қазыбек би көшесіндегі жеке бизнес нысандарының айналасын абаттандыру бойынша өз жауапкершіліктері болу керектігін ескертті.
Өзге де бірқатар кемшіліктер бойынша облыс басшысы қала әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы – облыстың айнасы болу керектігін атап өтіп, абаттандыру, тазалық секілді мәселелерді шаһар тұрғындары мен кәсіпкерлері де жете түсінуі – аса маңызды екенін баса айтты.
Аймақ басшысының қаланы аралаулары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жамбыл облысының әкімдігі