ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс алаңында жауапты басшылармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті.
✔️Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған.
✔️Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс.
📌Құрылыс барысында әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының жер аумағы – 7,7 га.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі