Облыс әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы облыс әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Алдымен Билікөл ауылдық округінің орталығы Қарабастау ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездескен Нұржан Нұржігітов сан сауалға жауап беріп, мәселелелерді шешу бойынша жоспарлы шараларға тоқталды.

— Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Сіздер көтеріп отырған мәселелер біздің бақылауымызда. Ашығын айту керек, барлық шаруа бірден атқарылады дей алмаймыз. Дегенмен, облыстың даму жоспар-жобасы бойынша жұмыстар әлеует пен мүмкіншілігімізге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Бұл ретте билік пен халықтың өзара сенімі, ортақ түсінігі бәрінен маңызды. Біз бір-бірімізді қолдай білсек, айтарлық нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

➡️Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында

Жамбыл облысы әкімдігі