Облыс әкімінің тапсырмасы: Таразда 60 шақырымнан аса канал механикалық тазалаудан өтуде
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласындағы каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бұған дейін (3 сәуір) аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.
Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары басталып үлгерді. Жалпы биыл қаладағы 8 канал тазалаудан өтеді.
Бүгін облыс әкімі жұмыстар басталған нысандарды (Қарасу-2, Қапал) аралап, тексерді. Аймақ басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын талап етті.
Жауаптылар екі айда жұмыстардың аяқталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта жағалауларды тұрғындар демалысы үшін тиімді пайдалану мұмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, басқа да дренаждық каналдарды есепке алып, реттеу керектігіне көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев Қылышбай көшесіндегі жол жөндеу, Төле би (11) көшесіндегі тұрғындар жатақханасын жаңғырту жұмыстарының жай-күйін көріп, құрылыстың сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.Аймақ басшысы тұрғын үйлер арасындағы және көше бойындағы шөптерді ору, реттеу шараларын уақытылы жүзеге асыру керектігін де ескертті. Бұл өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін маңызды.
Жамбыл облысы әкімдігі