Облыс басшысы  ақтөбелік  металлургтерді   құттықтады

Жұма, 19-шілде күні, Ақтөбе облысының  әкімі Оңдасын Оразалин  металлург мамандарын  кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шілде айының  үшінші жексенбісі елімізде   металургтер күні аталып өтіледі. Аталған  мерекеге орай, Ақтөбе өңіріндегі «Казхром трансұлттық компаниясы» АҚ «Тұңғыш Президент» атындағы  саябақ алаңында салтанатты шара ұйымдастырды. Айтулы шараға  аймақ басшысы арнайы қатысып сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
«Қазхром компаниясы облысымыз үшін үлкен маңызы бар ірі кәсіпорын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері болып табылады. 12 мыңнан астам Ақтөбе өңірінің азаматтары осы салада еңбек етуде. Олар өз үлестерін қосу арқылы саланың әлемдік деңгейге шығуына себепші болып отыр»,-деді Оңдасын Оразалин.
Содан соң, аймақ басшысы «Казхром трансұлттық компаниясы» АҚ-да  жұмыс жасайтын  8 азаматқа  алғыс хат пен құрмет грамотасын, және қомақты қаржылай 250-300 мың теңгенің  сертификатын тарту етті.
Мерекелік шара қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Келген көпшілік отшашуды тамашалады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі