Облыс әкімі жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтады

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған мұсылман қауымды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап барды. Айт намазына қатысып, аймақ жұртшылығына жылы лебізін жеткізді.
«Рамазан айы – құлшылық пен сабыр, мейірім мен қайырымдылық айы.
Ал, оразадан соң үш күн тойланатын айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке екендігі баршаңызға мәлім. Осы орайда, барша мұсылман қауымын ең қасиетті де ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Ақтөбе жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Бұл күні әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастархан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады. 30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекітті. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді.
Осы ретте барлығыңызға Алла разы болсын дегім келеді. Баршаңызды, тағы да Ораза айт мейрамымен құттықтаймын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деді Оңдасын Сейілұлы.
Бұл күні ғибадат орны маңына келушілер бауырсақтан ауыз тиіп, көжеден дәм татты. Сондай-ақ, қазақша күрес, асық ату, тоғызқұмалақ және т.б. ұлттық ойын түрлері ұйымдастырылды. Сондай ақ, мешітке келушілер арасында қой көтеруден сайыс өткізілді. Барлық жеңімпаздарға құнды сыйлықтар таратылды.

Аким области поздравил верующих с праздником Ораза айт

В среду, 5 июня, аким Актюбинской области Ондасын Уразалин посетил центральную мечеть «Нур Ғасыр», где поздравил верующих с праздником Ораза айт.
Глава региона принял участие в айт-намазе, озвучил добрые пожелания.
«От всей души поздравляю всех мусульман со священным праздником Ораза айт! Этот праздник завершает важный для верующих месяц Рамазан — месяц человеколюбия, милосердия и сострадания. Пусть этот праздник способствует укреплению единства, благополучия в нашем обществе. За 30 дней месяца Рамазан в нашей области проведено множество благотворительных мероприятий, оказана помощь нуждающимся семьям. Призываю всех жителей области, приумножать добро, участвовать в благотворительности все 12 месяцев в году. Пусть в нашей стране всегда царят мир и единство, пусть дома всех казахстанцев будут наполнены благополучием!» – сказал Ондасын Уразалин.
Отметим, в этот день прихожан мечети угощали баурсаками и коже. Они также смогли принять участие в соревнованиях по казакша курес, асык ату, тогызкумалаку и другим национальным видам спорта. Победители получили ценные подарки.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі