🔰ОБЛЫС ОҚУШЫСЫ ШАРЕЛ МАРҒҰЛАН 500 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

🔹Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті. Оқу-ағарту министрі жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болған қазақстандық оқушыларды қолдау шараларына тоқталды.
📌Айта кетейік, жыл басынан бері 23 қазақстандық оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында IMO, IphO, IChO, IBO, IGеO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар. Өткен жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төленуде. Биыл әлемдегі ең беделді 7 олимпиадада жүлдегер атанған 23 оқушыға 65,5 млн теңге, ал 20 педагогке 6 млн теңгеге жуық ақшалай сыйақы берілді. Бұл шаралар, ең алдымен, олимпиадашылардың беделін арттыруға және отандық ғылымның болашақ жұлдыздарын қалыптастыруға бағытталған.
🥉Облысымыздың Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Шарел Марғұлан ағымдағы жылдың 5-13 шілде аралығында Жапония мемлекетінің Тиба қаласында өткен Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) қола медаль иеленген болатын.
💐Бұл жетістігі үшін Марғұланға Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы мен Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, дарынды математикті дайындаған педагогке қола үшін — базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде төленеді.
👏🏻Марғұланды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!