Облыстық спартакиада өтті

Ұлы Жеңістің 77 жылдығы және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ардагерлер арасында облыстық спартакиада өтті.

Жарысқа Тараз және аудандардан жасақталған командалар қатысты.

Олар үстел теннисі, волейбол, дойбы, жеңіл атлетикалық жүгіру, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және дартс ойындары бойынша сынға түсті.

Қызықты әрі тартысты өткен спартакиада да жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом, кубоктар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі