Ой салатын қысқа ғана алты әңгіме

🌹 1. Бірде көпшілік жиылып, Құдайдан жаңбыр жаууын тілемекші болады. Тасаттыққа ауылдың бәрі жиналады, іштерінде бір бала қолшатырмен келіпті.
Бұл – НАНЫМ.
🌹 2. Сәбиді жоғарыға лақтырсаңыз, ол мәз болып күледі. Себебі сіздің қағып алатыныңызды біледі.
Бұл – СЕНІМ.
🌹 3. Әр кеште ұйықтауға жатарда, таңертең тірі оянатынымызға сонша сенімді бола алмаймыз. Сонда да болса оятқышымызды қасымызға қоямыз.
Бұл – ҮМІТ
🌹 4. Болашағымыз бұлыңғыр бола тұра, ертеңгі күнімізге көптеген жоспарлар құрамыз.
Бұл –БАТЫЛДЫҚ
🌹 5. Бүкіл әлемде қиыншылық болып жатқанын көре тұра, үйленеміз, дүниеге ұрпақ әкелеміз.
Бұл –МАХАББАТ.
🌹 6. Біраз жасқа келген бір әйел жейдесіне «Өзімді 64 жылдық тәжірибем бар 16 жасар қыздай сезінемін» деп жазып алыпты.
Бұл – ДҰРЫС ШЕШІМ.
🌹 Әр күніңіз жақсы өтсін! Осы алты қағиданы естен шығармай, өз өміріңізді сүріңіз!
Жақсы дос – өмірде қолға түсе бермейтін маржан сияқты, табу қиын, ауыстыра да алмайсыз.
Осыны естен шығармаңыз.