ОЙЫҚ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Талас ауданы, Ойық ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков сала мамандарымен арнайы барып, құрылыс жұмыстарын көрді.
Спорттық кешенде спортшылардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасалмақ. Енді жасөспірімдер спорттың бірнеше түрімен еркін айналыса алады. Аталмыш нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Үшарал, Кеңес ауылдарында орналасқан мектептердің жылыту маусымына дайындығын, сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстарын пысықтады.