«OKAN Holding» Оңтүстікте жұмыс істеуге ынталы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «OKAN Holding» президенті Бекир Оканмен кездесті. Өңір басшысы мәртебелі меймандарды Оңтүстіктің даму мүмкіндіктерімен таныстырды.

«OKAN Holding» – түрлі салада қызмет етіп келе жатқан үздік шет елдік компаниялардың бірі. Аталған холдинг зерттеу қызметі, құрылыс саласы, инвестиция бағыттарымен қатар білім, спорт, мәдениет салаларында да жемісті еңбек етіп келеді. Еліміздің ірі қалаларында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Астана қаласындағы халықаралық стандартқа сай қонақүй құрылысын 2 жылда аяқтаған. Сонымен қатар, фабрика, тұрғын үйлер және ойын-сауық орталықтарын салумен айналысады.

Оңтүстікте түрлі бағыттарда жұмыс жасауға қызығушылық білдірген холдинг  пен ОҚО әкімдігі арасында құрылыс және білім салаларына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған