ОҚО әкімі Түрік партиясының жетекшісімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Milliyetçi Hareket Partisi – яғни, Ұлтшыл әрекет партиясы көшбасшысының орынбасары Мехмед Гүналмен кездесті.

ffb63e44-2093-49b5-aa5c-e53e3578555a

Тараптар басқосуда Түркия мен Оңтүстік өңірінің өзара мәдени байланысы жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады.

5ef2555b-60d3-416e-8794-5fb47fa150ba

Өңіріміздегі тарихи орындар – Түркістан мен Отырарға зиярат жасап, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерімен кездесу мақсатында келген партия өкілі болашақта Оңтүстікке Түркиядан келетін туристердің қатарын одан әрі арттырып, мәдени байланыстарды күшейту жайын жеткізді.

Айта кету керек, Түркияның Milliyetçi Hareket Partisi 1969 жылы құрылған саяси ұйым. Оның негізін қалаған Алпарслан Тюркеш.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған