ОҚО-да «Ардагерлер – ұрпақ сабақтастығының өзегі»  атты қоғамдық форум өтті

         Бүгін Оңтүстік Қазақстанда облыс əкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті. Шымкент қаласы  «Мұса» салтанат сарайында өткен облыстық шара — «Ардагерлер – ұрпақ сабақтастығының өзегі» тақырыбына арналды. Іс-шараны жазушы, қоғамдық форумның хатшысы Мархабат Байғұт жүргізді.

         Қоғамдық форумға өңіріміздегі барлық аудан, қаладан делегаттар, зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни басқарма имамдары мен БАҚ өкілдері жалпы саны 300-ден астам азамат қатысты.

         Жиында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі                   Жансейіт Түймебаев тәрбиелік мағынасы зор форумға жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, бүгінгі тақырып аясында ойын ортаға салды.

         «Біздің қазақта қадірменді қариялардың, абыз ақсақалдардың орны ерек. Бұл ұлы қасиеттер, сайып келгенде, ұлттық кодымыздың уызына жатады. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу екеніне, онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы мүмкін деген болатын. Байырғы тарихымызға ай көзімен қарасақ, қай кезде де қазыналы қариялар елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырған. Ұлтымыздың ұлағатты салт-дәстүрлерін өмір мектебі ретінде дамытып, ұрпақтар сабақтастығына ұластырып, келешекті кемелдендіруден аянбаған»,-деді әкім.      

         Сонымен қатар, өз баяндамасында Ж.Түймебаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген бағдарлар мен жобаларды  жүзеге асыруда қариямыз бен жасымыз білек сыбана, бірлік пен ынтымақты ту етіп кірісуіміз керек деді.

 

         Форум барысында Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай өңірдегі 20 ардагер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталса,  екі ардагер облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды.

 

         Өз кезегінде, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы   Жеңісбек Мəуленқұлов «30 жыл – 30 белес» тақырыбында баяндама жасаса, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Шалатай Мырзахметов ұрпақтар сабақтастығы және ә

демі қартаюдың мән-мағынасына тоқталды. Ал, медицина саласының ардагері, ғылымдарының докторы Иманәлі Байдаулетов «Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, айтыскер ақын Біржан Байтуов «Қариялар мен жастар. Рухани жаңғыру және туған жер» тақырыбында жастардың атынан өз ой-пірімен бөлісті.

 

 Жиын барысында форумға қатысушылар орта толтырған пікірлер негізінде арнайы қарар қабылдады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі