ОҚО-да «Connection point» қызметін 1 миллионға жуық азамат пайдаланған
«2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның бөлімдері азаматтардың үйлеріне бара отырып 5 мыңға жуық қызмет көрсетті. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бүгінде өңірдегі ХҚКО-да сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде», — деді Еркебұлан Асанбайұлы.
Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 33 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Қорытындылай айтқанда, 2017 жылдың 10 айында 5 миллионға жуық қызмет көрсетілген. ХҚКО-ның бөлімдерінде азаматтар мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 10 айында бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам азамат пайдаланған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан. Оның мақсаты — қызмет алушының уақытын үнемдеуге бағытталып отыр. Мәселен, пилоттық жоба негізінде: жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауға және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ бала тууды тіркеу мен соттылықтың болып-болмауы туралы анықтама алуға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 1 және 2-топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ХҚКО-мен бірлесіп, дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады. Енді фронт офистері жоқ елді мекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО қызметкерлерін күтпей-ақ, 70-тен астам мемлекеттік қызметті ала алады.
Ансар. Туғанбаев