ОҚО-да «Ырыс» микроқаржылық ұйымы биыл 1573 жобаны қаржыландырды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қолдау білдіруде «Ырыс» микроқаржылық ұйымының еңбегі орасан. Аталған ұйым жыл басынан бері жалпы соммасы 3 946,2 млн. теңгені құрайтын 1573 жобаны қаржыландырып үлгерген. Соның ішінде 2 582,9 млн. теңгені құрайтын 901 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1 133,3млн. теңгені құрайтын 618 жобаға қолдау көрсетіліпті.
Бұдан бөлек, жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 38 жобаға 134,7 млн. теңге несие берілген.
Сондай-ақ ұйым тарапынан құс шаруашылығы бойынша жалпы сомасы 32, 3млн. теңгелік 5 жоба қолдау тапқан. Ал, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн. теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, кәсіпкерлерге 16 млн. теңге, өндірістік қызмет үшін 12 млн. теңге қаражат беріліпті. Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету саласы үшін 6,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Балабақша ашу үшін 4 жоба мақұлданып, жоба иесі 24 млн. теңгелік несиеге қол жеткізген.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі