Оқушылар Өзбекстан көрермендерін тәнті етті

Жуырда Өзбекстан республикасы Ташкент қаласындағы мемлекеттік филормониясында халықаралық «NAURYZ FEST» фестиваль-байқауы өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар арасында Аса ауылы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің өрендері де бар. Аталған мектеп оқушылары әдеттегі қарқыннан таймай бұл жолы да бас жүлделерді қанжығаға байлап қайтты. Атап айтар болсақ, ұлттық аспапты орындауда көрермен ықыласына бөленген Аяна Дәулетбай (жетекшісі Нұрберген Қырғызбаев), Бақдаулет Жанатбек (жетекшісі Дулат Байзілдаев), «Елигай» қобызшылар ансамблінің құрамындағы Әсел Жақсылық, Аружан Бескемпір, Айша Әбдіәріп бас жүлдені иелендісе, бірінші орынды Әлия Бейсекеева (жетекшісі Сәуле Маманова, сүйемелдеушісі Наталья Ким, эстрадалық вокал номинациясы бойынша Назнұр Марат (жетекшісі Айгүл Сатыбалдиева) бас жүлдені жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатты. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттар салтанатты жағдайда табыс етілді.
Көршілес мемлекеттен бір емес бірнеше жүлдемен оралған жастарды аталған мектептің директоры Сарбиназ Қосанова ыстық ықыласын жеткізіп, ел мақтаныштары болуына үлкен сенім артатынын жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігі