Оқыңыз, өкінбейсіз:

* Чаттануга қаласы Теннесси штатының тұрғыны Ирен Сьюэлл атты желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен марафонға қатысып, жігіттердің өзін шаң қаптырып кетіпті. Ол ол ма, бойжеткен 7 сағат 28 минутта мәреге жетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сьюэлл Instagram парақшасында: «Менің қолымнан келді. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл шынымен орындалды»,— деп жазыпты. Сьюэлл негізінен спорттық аяқ киім киіп дайындалған көрінеді. Тек анда-санда ғана биік өкшелі туфлимен жаттығып жүріпті. Ал марафонға ол әртүрлі өлшемдегі 7,5-ден (37 өлшем) 9-ға (38,5 өлшем) дейінгі 6 жұп аяқ киімді дайындаған. Сонымен қатар, ол жабыстырғыш, ұлтарақ, аяқты буатын бандажды пайдаланған.

*Калифорнияның (АҚШ) тұрғыны мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдумен бірге бір күн өткізу үшін португалиялық футболшы ұйымдастырған қайырымдылық қорына 32 мың еуро бөлді. Америкалық азамат Испания біріншілігіндегі «Реалдың» өз алаңында өткізетін ойынына VIP орыннан екі билет сатып алған. Оған сонымен қатар мадридтік клубтың жаттығуына да келіп, Роналдумен суретке түсіп, жаттығудан кейін онымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беріпті. 2017 жылы португалиялық шабуылшының табысы 93 миллион долларды құрады.  Роналду 2017/18 жылғы жаңа футбол маусымында «Реал» сапында 9 кездесуге қатысып, 11 гол соқты.

 

Ермек Сахариев