Оқырмандарды баурап алған қос басылым

Биыл «Qazaqstan dauiri» халықаралық саяси-қоғамдық, танымдық газетіне – 30 жыл және республикалық балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналына 20 жыл толып отыр.

Бүгіндері атағы таудай, білікті де, білімді журналистер осы газеттен қанаттанып ұшып шықты. Қияға самғады. Елге танылды.

Осы айтулы мерекеге байланысты, бүгін облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының ғимаратында аты аңызға айналған тұлға, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз, белгілі журналист, сондай-ақ «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Сәуле Мешітбайқызымен творчествалық кездесу өтті.


Жиын барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы газеттің жарық көру тарихына қысқаша шолу жасап, 30 жыл бойғы тәжірибеге жан-жақты тоқталды. Еңбегі сіңген елеулі адамдар мен ұмытылмас сәттерді еске алды және ветеринария басқармасының ұжымына отыз жылдық қарсаңында жарық көрген «Ұлт шырағы» топтық жинақ пен «Намыс қайрағы» кітаптары сыйға тартылды.

Өз кезегінде, біз оқырмандар ретінде Сәуле Мешітбайқызының журналистика әлемінде жасаған ерліктері көп деп мақтанышпен айта аламыз.

Сонымен қатар, осы қуанышты сәтте қаламгер Сәуле Мешітбайқызы ветеринария басқармасының ұжымын аталмыш қос мерекемен құттықтай отырып, мекеме басшысы Нұржас Нұржанұлы Құрмантаевқа «Qazaqstan dauiri» газетіне – 30 жыл» және «Мөлдір бұлақ журналына 20 жыл» мерекелік төсбелгісін табыс етті.

Ветеринария Басқармасы