ОҚЫТУ КУРСТАРЫНА 2943 АЗАМАТ ЖОЛДАНДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапымен қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 2533 адамды оқыту (жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес – 853 адам, жұмыс берушілердің жұмыс орнында — 388 адам, онлайн оқытуға-1292 адам) үшін 257,1 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңге 2943 адам оқыту курстарына жолданды (жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқыту курстарына — 933 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына – 351 адам, онлайн оқыту курстарына – 1612 адам жолданды).
Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 960 орынға 257,6 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде 1168 адам жолданды, оның 1168-і жұмысын аяқтаса, 1100-і немесе 94,2 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды.

Жамбыл облыстық жұмыспен қамту басқармасы