ОЛАР «СӘЛӘФ» СӨЗІНІҢ ТҮПКІ МАҒЫНАСЫН ҚАРАЛАП ЖҮР

Мысырдың экс-мүфтиі Шейх Əлі Жұма: «Бүгінде өзін сəлəфимін деп жүрген мұсылмандар «сəлəф» сөзінің түпкі мағынасын қаралап жүр жəне олардың негізгі көзқарастарын төмендегідей үшке бөліп көрсетуге болады» дейді.

  1. Барлық əлем тек мұсылмандарға қарсы жұмыс жасап отыр жəне əлем мұсылмандардың бұл өмірде дəрежесін төмен деп қарастырады. Бұған бірден бір себеп, ол еврейлер, христиандар жəне шығыстанушы атеистер. Осы үш топ тарапынан бүкіл мұсылмандарға қарсы арнайы келісім-шарт құрылған жəне олардың негізгі мақсаты мұсылмандарға қарсы жұмылдырылу болып табылады.
  2. Осыған байланысты мұсылмандар бүгінде бірігіп мұндай дұшпандарға қарсы тұруы керек. Сонымен қатар, қазіргі мұсылман əлемінде болып жатқан келеңсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін олардан кек алу қажет. Оларға қарсы тұру екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі, кəпірлерді өлтіру. Мұндағы кəпірлер дегеніміз сəлəфилермен санаспаған барлық адамзат. Екіншісі, діннен бас тартқандарды өлтіру. Діннен бас тартқандар деген, мейлі ол мұсылман болсын, Алла Тағаланың шариғатымен жүрмеген, Құранмен үкім шығармағандар.
  3. Бүгінде сəлəфилер үшін басты жұмыс – идеологиялық жұмыс. Бұл дегеніміз, сəлəфизм жақтаушылары арнайы бір ұйым немесе басқарма құрып, жұмыс жасамайды деген сөз. Олар өздерінің идеологиясын жіпке тізген құмалақтай бір ізді етіп халықтың арасында тұрақты уағыздаумен айналысады. Сəлəфизм жақтаушыларының осындай үш сатылы жұмысының нəтижесі жүзеге асу үшін біршама уақыт талап етеді. Салдарынан уақыт өтумен халықтың арасында бөлінушілік пайда болады да сəлəфизм идеологиясы тез тарап бүгінде Ислам əлемінде болып жатқандай қантөгістерге алып келеді. Өкінішке қарай, мұндай идеологияның жетегінде жүргендер оның парқына бара бермейді жəне оның арғы жағында дін емес, саясат жатқанын көбісі аңғармайды.

Қазіргі таңда сəлəфизм (уахабия) идеологиясы ақиқаттың бетін жабушы болып қалыптасып үлгерді, сондай-ақ, мұсылмандардың өркендеуіне, діни тұрғыда ілгері дамуға жəне де Ислам əлемінің соның ішінде Мысыр елінің əлемдік аренада барлық жағынан қалыс қалмауын барынша кедергі болып жатыр. Ең сорақысы, аталмыш идеология экстремистер үшін тура ақиқатқа барар жол болып қалыптасқан. Мұндай көзқарастағы адамдар кез-келген елдің тыныштығын бұзуға, адами құндылықтың жойылуына жəне белгісіз қияли армандармен өмір сүруге алып келетін, өзгенің қалауымен жүретін қоғам дерті болып өседі. Демек, мұндай адамдар өзінен басқа айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді жəне елдің болашағына балта шабады деген сөз.

Сонымен қатар, сəлəфизм идеологиясының негізгі ұстанымы ол өткен мəселені бүгінгі заманауи мəселелермен байланыстыру. Бұл дегеніміз, өткен заманғы қоғамның əдеп-ғұрпын, киім үлгісін, салт-дəстүрін, ішіп жеу мен жатып тұру жəне т.б. халықтың ұстанымы секілді əрекеттердің бəрін бүгінгі əрекеттермен байланыстыру деген сөз. Осындай əрекеттерді салыстырумен айналысатын кез-келген сəлəфизм жақтаушылары қоғамда көптеген келіспеушіліктер мен қысымдарға тап болады. Олардың көзқарастары қоршаған ортамен сəйкес бола бермейді жəне қоғам пікірімен санаспайды. Салдарынан мұндай адамдар өздерін қоғамның тұтастай дұшпаны санап, ондай қоғамнан арылу үшін өзін-өзі өлтіруге бейім болады немесе сол қоғамды реттеу үшін өз көзқарасына сəйкес барлық жағдайды жасайды.

Осылайша олар саны көп болмаса да қоғамның ғасырлар бұрын қалыптасқан санасын өзгертуге тырысады жəне Ислам діні де аз мұсылмандардан тараған деген ұстанымдарды алға тартып өздерін жұбатумен айналысады.

Сəлəфизм идеологиясының негізгі ерекшелігі – ұстанымында қатты болу. Себебі, мұндай адамдар өзі өніп-өскен қоғамда қателіктер көп деп санайды жəне ол үшін өздерін тазартуға бейімдейді. Ал, бұл үшін ең бастысы ол қоғамнан оқшаулану болып табылады. Оқшауланған адам өзінің бағытын анықтау барысында көптеген жеке ізденістерге түседі алайда, ол өзінің көзқарасын қуаттау үшін оған сəйкес болған бір тəлімгер сайлайды. Осындай жағдайға түскен кез келген адам ақылдың емес белгісіз бір тəлімгердің жетегінде кетері сөзсіз. Нəтижесінде ол өз тəлімгерінен өзгені тыңдамайды жəне ешбір ғалымды мойындаудан бас тартады. Сөйтіп, сəлəфизм идеологиясын құптайтын қоғамнан оқшауланған бір топ мұсылмандар бірігіп жұмыс жасай бастайды. Мұндай топтағы мұсылмандар өздерінің ұстанымдарын өзгеден дұрыс көріп бойларында тəкəппарлық, менсінбеушілік мінездері қалыптасады. Дін мəселесінде олармен тартысқа түскен кез-келген адамның көзқарасы олар үшін жат əрі ешкімді қабылдамайтындай дəрежеге жетеді. Сондай-ақ, осындай топтағы адамдардың əрекеттері төмендегідей өзгеріске түседі:

– олар қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайларды дінмен байланыстырып, олар үшін барлығы бидағат (дінге енгізілген жаңалық) болып шығады;

– олар қашанда ақиқаттан гөрі өздерінің көзқарастарын жоғары қояды; – олар мұсылмандардың өмірін тарылтады да «харам» мəселелердің ауқымын кеңейтеді;

– олар басқа діни ғұламаларды мойындамайды жəне өздерінің түсінік шеңберлерінде ғана діни мəселелерді талқылайды;

– олар ең алғашқы сəлəфизм идеологиясын насихаттаған тəлімгерлерге еліктейді жəне солардың айтуы бойынша жүреді;

– олармен санаспағандарға қарсы жəне оларға қарсы тез үкім шығарады. Бүгін барша мұсылмандарға мұндай идеологиямен күресуге уақыт туды. Ол үшін сан ғасырлар бойы діни сенімінде жаңылмай «Əһли сүннə уал жамаъ» жолында, сондай-ақ, ұлы мəзхабттардың салған ізгі бағытын қолдап келген «əл-Азһар» университетінің негізгі ұстанымына қайтуымыз керек. Себебі, бұл университет ортаңғы бағытты ұстанады жəне шиитер секілді емес барлық ізгі сахабаларды бірдей құрметтейді. Сонымен қатар, аталмыш университет төрт (Ханафи, Мəлики, Шафиъи, Ханбали) мəзһабтар бойынша дəрістер жүргізеді жəне діни мəселеде жеке адамның шығарған шариғи үкіміне үзілді-кесілді қарсы тұрады.

Бұдан бөлек, университет адами құқықты қорғауға, адам өз-өзімен күресуге, жекеменшік мүліктерге жəне діндерге құрметпен қарауға, Ислам өркениетінің дамуына үлес қосуға, адами кемелдікке жетелейтін сопылық бағытты оқытуға, басқа да пайдалы ілімдермен айналысуға жəне Алла мен Оның Елшісінің (с.ғ.с..) жолынан таймауға үйретумен айналысады. Осындай өмірдің мəнін кіргізетін дəрістерді жоққа шығаратын сəлəфизм секілді қоғам дертіне жұмылдырыла қарсы тұруымыз керек. Алланың қалауымен сəлəфизмге қарсы сіздерге түсіндірмек болған мəселе осы еді.

Алла Тағала жақсы білуші!

Шейх ƏЛИ ЖҰМА,

Мысырдың экс-мүфтиі