Өмір сүрудің алтын қағидалары:
• Айна ұстанымы. Біреуді сынамас бұрын, өзіңе назар сал.
• Адамгершілік ұстанымы. Саған біреу жақсы қараса, сен оған одан да жақсы қарасаң, ол адамның алдында бір сатыға өсесің.
• Бумеранг ұстанымы. Біреуге қол ұшын созу — өзіңе көмектесу.
• Алмастыру ұстанымы. Біреуді орнына қоймастан бұрын, өзіңді оның орнына қойып көр.
• Оқу ұстанымы. Кез келген адам сені әйтеуір бір нәрсеге үйрете алады.
• Ситуация ұстанымы. Ситуация ешқашан сенің жылы қарым-қатынасыңнан биік тұрмасын.
• Окоп ұстанымы. Шабуылға дайындалсаң, окопты қасыңа досың сиятындай етіп қаз.
• Қолжетімділік ұстанымы. Қарым-қатынасқа оңай болсаң, саған адам үйірсек болады.
• 101 пайыз ұстанымы. Өзіміз қалаған 1 пайызды тауып алып, оған 100 пайыз еңбек салу керек.
• Шыдамдылық ұстанымы. Басқа біреуді қасыңа ертіп саяхатқа шыққанда, жалғыз жүргеннен гөрі ақырын жүресің…
• Тойлау ұстанымы. Достықтың қаншалықты шынайы екені қайғырған сәтте ғана емес, қуанған сәтте белгілі болады.
• Үндемеу ұстанымы. Айтарың жоқ болса, үндемей отыр.
• Өтірік айту ұстанымы. Адамдардың саған өтірік айтуына мәжбүрлеме.
• Тепе-теңдік ұстанымы. Өзің үшін маңызды нәрселерді тепе-теңдікте ұстауға тырыс. Жұмыс пен жеке өмірді қатар алып жүруге болады.
• Бағалау ұстанымы. Алдымен өзіңді бағалай біл. Өз әрекетіңе сырт көзбен қарап үйрен.
• Тану ұстанымы. Өз-өзіңді тану. «Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейді қазақ. Әлің жететін нәрсеге ғана күш-қайратыңды жұмса, шамаң жетпесе, бастама.
• Жүрекпен жұмыс істеу ұстанымы. Не нәрсені де, асқан құлықпен, ерекше ниетпен атқаруға тырыс. Жүрексіз істелген жұмыстың нәтижесі жемісті болмайды.
• Рухани байлық ұстанымы. Бақытқа жетем деп ұмтылған адамға тамақ қандай керек болса, рухани байлық та сондай керек.
• Келісім ұстанымы. Сәтсіздікке жолықсаң, келіс. Өміріңе мойынсұна біл…Ми қиындықта шынығады, қиындық көруден қашпа…
• Сөйлеу ұстанымы. Біреуді сынап-мінеудің орнына, жақсы сөздер айт. «Жақсы сөз-жарым ырыс». Жақсы сөз айтқан сайын, адамның өмірі жақсарады…