Өмір туралы.

Бір дана шәкірттер алдында тұрып үлкен шыны ыдыс алады, ішін үлкен таспен толтырады. Сосын ыдыс толды ма?, — деп шәкірттерден сұрайды. Ыдыс толғанын барлығы бекітеді. Дана қолына майда тас алып ыдысқа төгіп, жәй сілкілейді. Майда тас үлкен тастың арасына түсіп, толтырады. Сосын ыдыс толды ма?, — деп шәкірттерден тағы сұрайды. Олар қайтадан толды деп бекітеді. Дана соңында қолына құм алып ыдысқа төгеді. Құм ыдыстың ашық бос болған барлық жерін толтырады. Дана шәкірттеріне қарап : Осы ыдыстан өз өміріңді көруді сұранам ! Үлкен тас өмірдегі маңызды нәрсені білдіреді : Отбасы, сүйікті адам, денсаулық, балалар — яғни қалған басқа нәрсе болмаса да әлі де өміріңді толтыра алады. Майда тас маңызы аз нәрсе білдіреді, мысалы жұмыс, пәтер, үй немесе көлік. Құм өмірдегі күйбең тіршіліктің майда шүйдесін білдіреді. Егер алғашқыда ыдысты құммен толтырсаң, ірі тасқа орын қалмайды. Өмір де сол сияқты : Барлық қуатыңды майда нәрсеге жаратсаң үлкен нәрсеге ештеңе қалмайды. Сондықтан бірінші ең маңызды нәрсеге назар бөл, бала — шаға мен сүйіктілер үшін уақыт тап, денсаулық күт. Сенде жұмыс, үй, мереке, басқа қалған нәрсеге жеткілікті уақыт қалып тұр. Үлкен тастарға көңіл бөл — солар ғана құнды, басқа қалғаны — құм ғана.

Бақытжан Абзалұлының парақшасынан алынды