Өмір тым қысқа. Тез кешір. Шын сүй. Риясыз күл.
- Өзіңнің қаншалықты қайратты екеніңді мықты болудан басқа амал қалмағанда анық сезінесің.
- Сен бір адам үшін ғана ғажап болғың келеді. Ал, ол сені түкке тұрғысыз деп санайды. Өмірдегі ең үлкен қатыгездік осы.
- Сізді тек отбасыңыз бен ең жақын достарыңыз ғана жақын білсін. Тек солар ғана сізді шын жақсы көреді.
- Әлемнің бар мүмкіндігі уысыңызда бола тұра жаныңызда сүйіктіңіз болмаса, бәрі бекер…
- Сөз бастамас бұрын, тыңда. Әрекет етпес бұрын, ойлан. Сынамас бұрын, біл. Бас тартпас бұрын, тәуекел ет.
- Тәлейіңе жазылса, өмір жолында сан соққыға шыдарсың, содан ғана рухыңа жігер бітеді. Өмір сүру мағыналы бола түседі.
- Мағынаны әр нәрседен табуға болады.
- Күлкімді жақсы көремін. Күлкімнен өзімді танимын.
- Өсек-аяңға мән бермейтін болдым. Себебі, өзіме сенімдімін.
- Сенің терің қағаз емес, пышақ салма. Сенің жүзің бетперде емес, ешкімнен тығылма. Сенің тәнің кітап емес, мінеп, әуре болма. Сенің өмірің кино емес, әлден бітіріп тастама.
- Егер шынымен бақытты болсаң, өзгенің пікіріне ешқашан алаңдамайсың.
- Қателік жасап, оны сезіну — даналыққа бастайды. Қатеңді түсініп, жасырып қалмау — әділетті болудың дәлелі.
- Жетістікке жету жолында еш қобалжу маған кедергі емес.
- Өткен сынақтың бәрі менің бүгінгі болмысымды қалап шығарған кірпіштер.
- Адамды сыртқы әлпетіне қарап сынамаңыз. Бұл үлкен қателік.
- Өткен өміріңіз жаныңызға жақсылық дәнін ексін. Керісінше емес.
- Өмірде тек өзін жеңе білген адам ғана нағыз жеңіске жетеді. Өзінің үрейін, жалқаулығын, сенімсіздігін жеңген адам бақытты.
- Жалған жақсылық шынайы ашудан да жаман.
- Жаның ауырса, сен әлі тірісің. Өзгенің қайғысын сезсең, әлі адамсың.
- Шешуге тиісті сан сұрақтар бар еді, ал мен тек оларды ақ дәкемен орап, жылы жауып қоя салғанды ғана білдім. Соған өкінемін.
- Өмір тым қысқа. Сондықтан ережені бұз. Тез кешір. Ақырын сүйіс. Шын сүй. Риясыз күл.
- Кісіге күнің қарамайтыны өмірді арзандатып жібереді. Ең қиыны – бәрін өзің біліп жасау.
- Өзіңнен өзің ұялатын қателіктер болады.
- Жаныңдағы адамдар тек көңіліңнің хошын келтіруі тиіс. Олай болмаса, олар сенің жаныңда болуға тиіс пе?
- Өмірде қанша зорлық-зомбылық, қиындық көрсең де, адам баласына деген мейірімді жоғалтып алма.
Деми Ловато
Аударған Шынар Әбілдә