ӨМІР және АДАМДАР

Саған ӨМІР және АДАМДАР туралы қатал, әрі таң қалдыратын негізгі ережелердің кейбірін ескертейін:
— Сенің басыңа түскен іс дәл сенің ойлағаныңдай ешкімге сонша маңызды емес. Адамдар өз-өзінің өміріне қарбалас болатындықтан, олардан жанашырлық күте берме. Мәселелерді өз бетіңше шешіп үйрен.
— Әлем ерік-жігерді емес, әрекетті марапаттайды. Жақсы адам болу жеткіліксіз, танылу үшін нақты нәтижеге жетуің керек.
— Ақша адамды өзгертпейді, оның кім екенін көрсетеді. Егер сен ақшалы бола алсаң, сені кім шынымен жақсы көретінін және кім тек өз пайдасы үшін сенімен бірге болғанын білетін боласың.
— Барлық адамнан адалдық күтпе. Кейбір адамдар сені пайдалануға, алдауға немесе кемсітуге тырысады. Оған дайын бол.
— Бас тарту деген өмірдің табиғи бөлігі. Жұмыста немесе қарым-қатынаста болсын, сен әрқашан қалағаныңа қол жеткізе алмайсың. Ең бастысы, бас тартқан жауапты қалай қабылдауыңа байланысты.
— Сөзге сенбе, әрекетті бақыла. Көбісі адалдық пен әділдік туралы айтады, бірақ қиын жағдайда оны дәлелдейтіндер аз.
— Нағыз достарды табу қиын. Адамдардың көбі саған шынымен қамқорлық жасау үшін емес, өзіне бір нәрсе қажет болғандықтан жүгінеді.
— Жетістік сені одан сайын жалғызсыратады. Жетістігің кейбіреулерді қорқытады, сондықтан өмірде алға жылжыған сайын айналаңдағы шеңбердің кішірейіп бара жатқанын байқайтын боласың.
— Өзгеруді қаламайтын адамды сен өзгерте алмайсың. Өзіндегі мәселені тауып көрмейтін адамдарды түзетуге тырысып, энергияңды ысырап етпе.
— Ешкім де саған тегін көмектеспейді. Тіпті ең жақын адамдардың да өз мүдделері бар, сондықтан ешқашан ешкімге тәуелді болма.
— Қызғаныш сенің ойлағаныңнан да жақын жерде тұрады. Жетістігіңмен құттықтағандардың бәрі саған бола қуана бермейді, кейбіреулері сенің орныңда болғысы келеді.
— Өмір әділ емес, сенің не сезінгенің де маңызды емес. Кез келген уақытта шағымдануыңа болады, алайда шынайы өмір өзгермейді.
— Әрбір қарым-қатынасты сәтті ету үшін тек жақсы көру ғана жеткіліксіз. Түсінігі таяз, табанының бүрі жоқ, құрметі жоқ кез келген махаббат, қаншалықты күшті болса да, жойылады.
— Көңіліңді қалдырғандарға көп мүмкіндік берме. Кейбір адам өзгермейді, қайта-қайта кешіре беруің оларға өзіңді ренжітуге тағы да мүмкіндік беру деген сөз.
— Дұрыс сәтті күтпе, өйткені ол ешқашан келмейді. Егер сен мінсіз жағдай келуін күтсең, тұрған орныңда мәңгіге қалатын боласың. Дәл қазір баста, жолай үйренесің.
Осы ережелерді игеріп алсаң санаң жетіледі және өмірдегі қиыншылықтарды жеңуіңе көмектеседі!