ӨМІРДЕ БОЛҒАН….

Міне бүгінде ұйқысыз таңым атты. Күнде ойлайтыным бір ғана ой. Одан басқа ой, ойыма мүлдем келмейтін. Сондағы ойлайтыным,
— Менің анам қайда?, ол кім?, қандай адам? — мен анашымды қатты сағындым. Біздің балалар үйінің директоры Гүлəйша ханым. Ол кісі өте мейірімсіз, балаларды ұрғаны ұрған еді. Жалғыз Гүлəйша ханым ғана емес, барлық тəрбиеші апайларда сондай қатал. Абайсызда үстіңді сəлғана шаң етіп алсаң болды, таяқ жейсің. Көшедегі ойнап жүрген балаларды көрсең тамсана, қызыға қарайсың. Топыраққа аунап тұрып рахаттана ойнайды. Аналары келіп.
— Балам!, жүре ғой, жұмыстан əкең келді, сені сұрап жатыр, келе ғой құлыным менің.- деп еркелеткендерін естігенде, еріксіз көзіңе жас келеді. Бірде мен сыртқа шығып ойнауды ұйғардым. Ойымдағыдай қашып шығып əлгіндегі балалар мен танысып ойнай бастадым. Ол балаларда өтте-өте мейірімді балалар екен. Мені жатырқамай, маған өздерінің ойыншықтарын беріп бірге ойнай бастадық. Жаңадан табысқан достарымның аттары Нұрбол мен Бақберген болатын. Жаңа достарыммен ойнап жүріп, ішімдегі бар мұңымды, тіпті балалар үйінен қашып шығып кеткенімдіде ұмытып кетіппін. Нұрбол, Бақберген жəне мен үшеуміз бірге тұрып мəңгілік дос боламыз деп серт бергелі тұр едік, кенет тəрбиеші Айгүл апай келіп басымнан ұрып жіберді.
— Иттің ғана күшігі, сені іздеп барлық адамдар шулап жүр, ал сен болсаң мұнда еш алаңсыз ойнап жүрсің,- деп мені зар жылағаныма қарамастан балалар үйіне қарай сүйреп алып кетті. Сүйреген бойда тура Гүлəйша ханымның кабинетіне алып келді. Гүлəйша ханымның бет-бейнесін көргенімде, қорыққанымнан тілімді жұтып қоя жаздадым. Түрі өтте суық еді. Қасында ер адам тұрды. Ол кісі біздің балалар үйінде электрик болып жұмыс жасайтын Марат ағай болатын. Марат ағайдыңда бала атауына жаны ашымайтын. Гүлəйша ханым Марат ағайға қарап тұрып,
— Сыбағасын бер, — деді. Менің өмірімде ең қатты қорқатынымның бірі Марат ағайдан таяқ жеу. Марат ағай менің құлағымнан қатты қысып ұстап, шыңғыртып тұрып, жер төлеге алып түстіде, қолымды жоғарыға асып байлап қойды. Марат ағайдың өзінің сынбайтын əрі жіңішке ғана бір шыбығы бар. Сонымен ұрғаны аздай, жұдырық пен ұра бастады. Менің-
— Аға кешіріңізші, енді қайталанбайды, сіздіңде балаңыз барғой, жаныңыз ашысыншы,- деп зар жылап, кешірім сұрай бергенім сол еді,
— Сен менің баламда нең бар, баламды екінші ауызыңа алушы болма.- деп айтқаны ғана есімде. Одан арғысы есімде жоқ. Көзімді ашсам, қарсы алдымда жас келіншек отыр, қасында Гүлəйша ханым. Жас апайды танымадым, бірақ, үстіне ақ халат киіп алған. Көздері оттай болып тұрды. Менің бойымды қорқыныш биледі. Бірде Гүлəйша ханым,
— Аяққа тұрса болды, шығарып жібер,- деді де шығып кетті. Əлгі жас апай менің қасыма жақындап еді, мен қорқынышқа бой алдырдым. Менің қорқып тұрғанымды байқады да,
— Балақай, қорықпа, мен саған тимеймін, мені өз əпкеңдей көре берсең болады, менде сені өзімнің туған бауырымдай көремін,- деген, жылы əрі мейірімді сөзін естігенде, көңілім босап, жылап жібердім. Біздің балалар үйіне жаңадан келген медик апай екен. Есімі Бибінұр. Біршама уақыт əңгімелесіп отырып, інішегім деп құшағына алды. Мені құшақтайды деп еш ойламаппын. Құшағына алған уақытында, менен асқан бақытты да қуанышты бала жоқтай көрінді. Аз уақыт ішінде қатты бауыр басыпта қалдым. Денемдегі жарақаттардың барлығы ауырмай қалды. Сол кезде мен бұл өмірде мейірімді адамдардың бар екендігіне көзім жетті. Кеште болды. Кешкі тамағымды беріп болып, маған жатып ұйықтау керектігін айтты. Ыңырсып əнге салып отырды. Мен қалай ұйқыға батқанымды да білмеймін, əйтеуір ұйықтап кетіппін. Ұйықтап жатып қара терге түстім. Өте қорқынышты түс. Түсімде мені Марат ағай жанымды көзіме көрсете ұрып жатыр, арғы шетте бетін шашы жауып тұрған бір əйел кісі,
— Балам, балам, ұрма менің баламды, тиме оған,- деп айқайлап жатты. Кенеттен мен анашым деп қатты айқайлап жібердімде, ұйқымнан оянып кеттім. Түсіме елес болып келген анамның дауысы құлағыма қайта-қайта жаңғырып естіле берді. Сөйтіп біршама уақыт жатқан кезде, таң бозарып, күнде шыға бастады. Анашым, келіп мені тым құрығанда бір рет құшағыңа алшы деп жылап жатқанымда есік ашылды. Жалтақтап қарап едім, Бибінұр əпкем екен. Менің жылап жатқанымды көріп, жүгіріп келіп, құшағына алды да,
— Ботам менің, болды, жылама,- деп мені жұбатып, əрі қарай сөзге айналдырып алып кетті. Өзінің сөмкесінен бір конфетті алып маған берді. Мейіріммен, шын жүректен берілген кез-келген нəрсенің бəрі-бірде орны бөлек, өте қымбат болады екен. Бір түрлі көңілім босап жатып, жеп алдымда, жəй ғана сыбырлаған дауысыммен рахмет дедім. Əпкем маған қарап тұрып күлімдеді де, менің дəрілерімді ішкізіп, таңғы асымды беріп болып, өзі сыртқа шығып кетті. Бір кезде Гүлəйша ханыммен Бибінұр əпкем екеуі бірге кіріп келді. Сол кезде менің сауығып, яғни жүре алатынымды айтып, мені сыртқа шығарып жіберді. Бұл балалар үйінде, қаншама қыздар, қаншама ұлдар бар, неге екенін білмеймін, тек маған ғана ерекше мейіріммен қарайтын. Есік алдында Бибінұр əпкемнің қандай жақсы адам екендігі туралы ойланып отқанымда, Гүлəйша ханымның Бибінұр əпкеме ұрысып жатқаны естілді. Дұрыстап мəн беріп тыңдап едім. Бибінұр əпке менің қайтадан жатып, əліде емделуім керектігі жайлы айта беріп еді, Гүлəйша ханымның,
— Осыншалықты жаның ашиды екенсің, кезінде нең бар еді осы баланы босанып, осында əкеліп тастап кетіп,- деген дауысынан кейін айқай бірден басыла қалды. Көзіме жас алып тұрып терең ойға батып кеттім. Бибінұр əпке сыртқа шығып менің жылап тұрғанымды көрдіде, жəймен ғана қасыма келді. Сол кезде мен,
— Сіз менің анам екендігіңіз распа?- дегенімде,
— Иə, рас,- деп жауап берді де, тізелей отырып, маған қолын тигізе алмай жылап тұрып менен кешірім сұрады.
— Мені неге тастап кеттіңіз?- деген сұрағыма, анашым былай деп жауап берді.
— Мен студент болып, ауылдан жырақта оқитынмын. Оқып жүріп бір жігітпен жүретінмін. Маған көмектесіп жүретін. Бір күні, мен ол жігіттен қатты алданып қалдым. Ол жігіттен, саған аяғым ауыр болып қалдым. Аяғымың ауыр екенін кеш білдім. Демлыс уақытында ауылға бармай, ата-анамды алдап жүріпте алдым. Алдырып тастамақ болып дəрігерлерге барып едім, кеш екендігін айтты. Енді алдыратын болсаңыз сіз ол дүниелік болып кетуіңіз мүмкін деді. Мен содан босануға бел будым. Тоғыз ай өтіп, толғағым келіп сені аман-есен босанып алдым. Сені өсіремін, қараймын, қатарынан кем қылмаймын деп едім, бірақ болмады, қолымнан келмеді, мен қатты қиналып кеттім. Амалымның жоқтығынан сені осы жерге қалдыруға мəжбүр болдым. Міне содан оқуымды тəмəмдап, дипломымды алып, осында жұмыс істеуге келдім. Сені өсіре алмадым, енді тым құрығанда қарайлап жүрейін деп осында келіп едім, құлыным, кешіре алсаң, мына мендей қатыгез анаңды кешірші!- деп көзінен аққан жас бүткіл бетін жуып тұрды. Анам келсе екен деп, ес білгелі армандайтынмын. Арманым орындалды. Бардымда бауырына кіріп кетіп анашым деп жылап жібердім. Сол кезде маған анашым,
— Мен сені енді ешқашан жалғыз қалдырмаймын,- деп уəде бердіде, бақыт мекеніне қарай жетелеп кетті!!!
Қадірменді ағайындар, аналарыңызды бағалаңыздар, анасын бір көруге зар болып жүрген жандар қаншама. Анасы бар адамдардың басында алтын тəжі болады, бірақ ол тəжді анасынан айырылғандағана көреді екен. Аналарыңызды бағалаңыздар, құрметтеңіздер!!!
Желіден алынды.