ӨМІРДІҢ МӘНІ АТА-АНАНЫ ҚАДІРЛЕЙ БІЛУДЕ!
Нәрестенің ең бірінші айтатын сөзі- мама, папа, бірақ бұл сөздің шын құдіреті мен қасиетін жетік білу үшін адамға бүкіл өмір аздық етеді…
Мама латынша mamma сөзінің мағынасы:»әйелдің емшегі» сөзінен шыққан.Яғни баласын емізетін әйелді деген.
Сондықтан төс қарайтын дәрігерді мамолог деп атайды.
Ежелгі үнділіктер сүт беретін сиырды мама деп айтатын болған.
Домалақ ананы парсы тілінде «Дихнаи ана» деп атаған қазақша
Әулие ана! деген сөз.
Ал қазақтар Ана деген асыл сөзді қолданған.
Қазақ ата-ананы қадірлеген.
Мынау жарық, ғажап Әлемде жер басып жүргендігіңіз ата-
ананың арқасы.
Осы бір арплыс өмірден кетудің мың сан жолы бар, ал өмірге, келгеніңзге- бір ғана әке-шешеңізғе қарыздарсыз…
Сол екі адам сізге елдің бірінен жақын, сіздің жетістігіңізге сізден де көп қуанады, кемістігіңізге сізден де бетер қиналады.
Өзіңіз кешірмейтін күнәңізді олар кешіреді, сіз мақтанбаған жерде олар сіз үшін мақтанады…
Құрметті менің оқырмандарым, аман болайық, барды бағалай білейік!
Ата-ананың және перзенттік парыз бен қарызды өтеу арқылыы өз өмірлеріңіздің үйлесімін тауып,ұрпақ жалғастығын табамыз.
Өмірді сүйсеңіз- ата- анаңыз берген жүрекпен сүйесіз!
Сіз жақсы болыңыз, жаман болыңыз, мейірімді не қатыгез болыңыз, ол сіздің ата-анаға деген ықылысыңыз бен қатынасыңыздан көрінеді.
Ата-анасын ренжіткен адамнан жақсы адам шығуы мүмкін емес…
Біз өз перзентін көтеріп келе жатқан ата-ананы жиі көреміз, бірақ әке-шешесін көтеріп келе жатқан баланы көрген адам жоқ…
Тірі де ата-ананы құрметтейік.
Өйткені, анамен өткізген күндеріңіз-ең бақытты күндеріңіз, әкемен бірге өткізген сәттер-өмірдің ең мазмұнды күндер!
Сіздерді нағыз бақытқа ата-аналарыңыз ғана жеткізеді.
РАЙХАН МАТАЙ