ӨМІРДІҢ ҮШ АҚИҚАТЫ
Байдалы қартайып, үйден шықпай, күндіз- түні төсекте жататын болды дегенді естіп, Мұса мырза оны іздеп келіпті. Қарттың қараша үйіне кіріп, бөстекке оранып жатқан Байдалының қолын алып, амандасып, хал- жағдайын сұрайды. Байдалы шешен кәріліктің ауыртпалығын айтып, терең ойға
беріледі:
Ой, кәрілік-ай! Сөздің өзі бала сияқты, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды.
Заманым өтті ғой! – деп күрсінеді.
Мұса қарттың жанында қонып, құрмет көрсетеді. Ертеңіне жолға жиналғанда,
Байдалы оны тоқтатып:
Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? – деп сұрайды.
Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін-дағы, – деп жауап береді Мұса.
Сонда Байдалы қария жымиып:
Шырағым, оның рас. Бірақ сенен үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! – дейді. Мұса құлақ түріп:
Айтыңыз, тыңдайын! – деп жауап қатады.
Сонда Байдалы:
Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? – деп сұрақ қояды.
Мұса ойланып отырып:
Жер мен көктің арасы алыс, Кісіге туыс жақын, Бала тәтті, – деп жауап береді.
Байдалы қарт басын көтеріп, даналықпен
былай дейді:
Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында – ажал жақын, — депті.
Желіден алынды.