ӨМІРГЕ БІЗ ҚОНАҚПЫЗ
Баяғыда ақылы асқан данышпанды, бір ғалым іздеп барыпты.
Данышпанның үйінде жататын орны, кітап пен тек орындық болады.
Таңқалған ғалым:-Сіздің дүниеңіз қайда?- деп сұрайды.
Данышпан жауап бермей:
-Сенің дүниең қайда?- деп сұрапты.
Сонда ғалым «Уақытша осы жақта жүрмін, байлығым, барым үйімде, өзім жолаушымын»- депті.
Ұзақ ойланып данышпан:
— Мен де бұл өмірге қонақпын, қонаққа дүниенің не керегі бар «-деген екен…
Иә, Адамзат бұл Планетаға қонақ.
Ей, өмір жолындағы жолаушылар, аспанға қараңызшы.
Күн мен түн ауысып, жыл мезгілі өзгеріп өмір өтіп жатыр.
Сіз бай немесе кедей болуыңыз мүмкін, бірақ сіз қонақсыз.
Мейлі Дубайда, ауылда тұр, ауасы керемет тауда тұр, жер кепеде тұрсаңда, әлемді билер басында алтын тәжің болсада бұл өмірге уақытша қонақсын.
Өмір кейде тау секілді.
Мүлт кетсең құздан құлайсың, өмір тауына баяу көтеріліңіз.
Өзіңізді елден биікпін деп ойлап, таңауыңызды көкке көтермеіңіз.
Жан дүниесі жетілмеген адам өркөкірек болатынын еске сақтаңыз.
Сіз уақытша бұл өмірге қонақсыз.
Адамды құрметтеу немесе сыйламау өз еркіңіз.
Бірақ өзіңіз сыйлы болу үшін басқаны құрметтеуге міндеттіміз.
Әзірше өз аяғыңызбен жер басып жүрсіз, жарқыраған күнді көресіз, ата-анаңыз бар, сүйген жарыңыз , баларыңыз бар сіз шығыс ертегіндегі парсының патшасындай өмір сүріп жатсаңызда,сіз
уақытша қонақсыз…
Ата-ананы жақсылығың айтып, сыйлап құрметеңіз.
Олар дүниеден өткенде қонақ екеніңізді білесіз.
Өлім өмір бойы сіздің артыңызда жүретінің ұмытпаңыз…
Сізде қонақсыз!
Өмір Рахат пен азаптан тұрады.
Қиындықты женуге тырысыңыз.
Өйткені өмір бәрі уақытша, бәріміз қонақпыз.
Ей, Адам жүректеріңіз лайланбасыншы.
Өзіңізге сенген адамды ешқашан алдамаңыз. Өзіңізді бақытқа бөлеген адаммен бірге болыңыз.
Бізді ренжітетін адам әрқалай болады.
Кешіре біліңіз, кешірсеніз өзінізге тыныштық сыйлағаныңыз.
Біздің өмірге көзқарасымыз әр түрлі.
Бірі шалшыққа қарап, батпақты көреді, екіншісі жарқыраған жұлдызды көреді.
Жақсылықты көруді үйреңіз.
Жақсы күндер көп болса да, өлімге апарады сіз қонақсыз!
Біз бәріміз өтірік айтамыз, жамандық жасаймыз, әңгіме айтамыз.
Жамандық жасамаймын деген адамның өзі шыбын өлтіреді…
Мен тазамын деп ақталмаңыз, әркімнің өткен өкінішті өмірі бар, көрге бірге әкетер сыры бар…
Адам қолға тұрмайтын сынап секілді, тез жақындасып, лезде бейтаныс болып кетеді.
Әкем айтатын: «Біреудің кінәсін көрсең, өзіңді түзет»- деп…
Әрине жүрегі қара, мисыз, пейілі тар ақылсыз пендедең алыстаңыз.
Біреудің айтқаның орындай берсеңіз, құлына айналасыз.
Сол себепті намысты болуға тырысыңыз.
Біреуді жек көрсеңіз де жамандық тілемеңіз.
Сіз қонақсыз!
Барлық адам екіжүзді.
Бірінші адам-ақкөңіл, шыншыл, мейірімді болып, дүниеге келеді…
Ал, екіншісі- қатыгездік біріншісіне қиянат жасағанда пайда болады.
Сіз Отаның қорғаған сарбаздай шындықты қорғаңыз, ол қолыңыздан келмесе біреуді қолдап жағымпаз болмаңыз.
Сіз өмірге қонақсыз.
Өз күнәсіне батқан жанмен да, жақсы болған сізде өмірден кетесіз. Бәріміз қонақпыз.
Өмір деген қонақ үйдегі
1-2 болған саяхат секілді.
Себебі қонақ үй бөлмелері әдемі ұнайды, бірақ онда көп тұруға болмайды.
Адам өзіне тиесілі емес екенің біледі.
Сондықтан көп ұзамай кетеді.
Иә, сізде қонақсыз, бір күні сізде кетесіз!
Сол себепті сыйластығымыз жойылмасын.
РАЙХАН МАТАЕВА