Өміршең жобалар өрге бастайды
Павлодар облысына келдім.Тұрғындармен кездесіп жүрмін және өңірде министрліктің жобалары қалай жүзеге асырылып жатқанымен таныстым.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Баянауыл және Май аудандарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, Май ауданында Көлбай алабына кіретін 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Баянауыл ауданында 59 гидротехникалық және 126 су өткізу құрылысы бар. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, Көлбай алабының аумағы 14,6 мың га, оның 6,7 мың гектары Баянауыл ауданында.
Сондай-ақ, Май ауданын ауыз сумен қамтамасыз ететін Май топтық су құбырының тазарту станциясына барып, тазартылған судың сапасын тексердім.
Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылында 1063 га суармалы учаскеге арналған инженерлік желі салынып жатыр. Жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы «Қазсушар» филиалдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылып жатыр. Нысан биыл пайдалануға беріледі.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі