ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АРЫСТАҒЫ ӘРБІР СЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДА
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысты. Әрбір облысқа қарасты тұрғын үйлерді аралады. Өңір басшысы әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесті. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін айтты.
Кейін Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көрді. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енетінін жеткізді.
Айта кетерлігі, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген. Оның ішінде, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлерді
қалпына келтіру жұмысына белсене кіріскен. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқаруда.
Сонымен қатар, облыс әкімі Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарына белсене кіріскен. Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын уақытында сапалы етіп аяқтауды жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі