ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШИПАСЫ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған. Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында аталмыш орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты. Басқарма басшысының орынбасары Копжан Тұрлыбеков пен орталық директоры Камилла Ауанасова омбудсменге жалпы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.
Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы