Оңалту және бейімдеу орталығының жұмысымен танысты

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова жұмыс сапырмен Тараз қаласындағы облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығына барып, жұмысымен танысты.
2008 жылдан бастап қызмет көрсететін орталық 70 төсек орынға шақталған. Бүгінде орындар толығымен қамтылған.
Мұнда мүгедектерді оңалту және бейімдеу жүйесін жасап, оларды қоғамға әлеуметтендіру, мүгедектерге жан-жақты әлеуметтік-медициналық, психологиялық және еңбекке баулумен оңалту көмектерін көрсетіледі.
Гүлдана Әлімжанқызы орталық кабинеттерін арнайы аралап, ұсынылатын көмек түрлерін сапалы көрсету, қызмет алуышылар ұдайы назарда болу керектігін жеткізді.

Управление Занятости